Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЕКІ ТРАКТАТ

Библиографиялық сипаттама

Басқару туралы екі трактат / Локк Д. – Алматы : Раритет, 2004. – ISBN 9965-663-66-1.

Автор
Локк Д.
Баспа
Раритет
Шыққан жылы
2004
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

(1632-1704) ағартушылық аталарының бірі, либерализмді дамытудағы басты тұлға ретінде кеңінен танылған ағылшын философы. 1658 жылы Оксфордта ұстаздық кызметке кіріскенімен, бұл қызметі 1667 жылы аяқталды. Оның саясат теоретигі ретіндегі беделі "Басқару туралы екі трактатқа" (1690), философ және эмпиризмнің негізін қалаушы ретіндегі беделі "Адам парасаты туралы очерктерге" (1689) негізделген. Оның "Білім беру туралы ойлар" (1693) атты еңбегі де аса құрметтеледі. Оның "Сабыр туралы хат" (1693), I "Христиандық парасаты " (1695) атты еңбектері де тиісінше бағаланады.

"Басқару туралы екі трактат'' ресми түрде сэр Роберт Филмер идеясын теріске шығару үшін жазылған деп саналады. Филмер барлық заңды өкімет, сайып келгенде, Алла адамға берген абсолютті жоғарғы билікке және бүкіл дүниені дербес меншіктену, оны мура етіп үлкен ұлына сыйлау құқығына негізделген дейді. Локк саяси билікті ата-аналар билігінен немесе меншікпен байланысты биліктен мүлдем басқаша етіп бейнелеуге ұмтылады. Ол тек өкіметті шектеуді ғана емес, өкіметті бөлуді, заң билігін және кейбір жағдайларда көтерілістің заңды болатынын жақтады.

Біріншісінде, сэр Роберт Филмердің және оның ізбасарларының жалған принциптері мен негіздері зерттеліп, жоққа шығарылады. Екіншісі, азаматтық басқарудың шынайы шығу тегі, қарекет салалары мен мақсаттары туралы тәжірибе.