Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ДАРА ДАРЫН

Библиографиялық сипаттама

Дара Дарын / Сәрсеке, Медеу. – Астана : Фолиант, 2008. – ISBN 9965-35-502-9.

Автор
Сәрсеке, Медеу
Баспа
Фолиант
Шыққан жылы
2008
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға Медеу Сәрсеке қырық жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер. Мемлекеттік түрлі қоймаларда құпияда ұсталған көптеген мұрағаттарды әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пайдаланып, ғалым ғұмырнамасын қиял-қоспасыз, шынайы оқиғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтайды. Деректі негіздегі ғұмырнама тарих бүгінгі заман техникасының мүмкіндігіне сай көркемделіп шығарылып отыр. Қаныштай шынайы дара дарынымызға арналған сый кітабымыз ел асылын ардақ тұтқан қауымды бейжай қалдырмас деген үміттеміз...