Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

КУНСТКАМЕРА ЖИНАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТІ = КАЗАХСКАЯ ТРАДИЦИОННАЯ КУЛЬТУРА В СОБРАНИЯХ КУНСТКАМЕРЫ = KAZAH TRADITIONAL CULTURE IN THE COLLECTIONS OF KUNSTKAMERA

Библиографиялық сипаттама

Кунсткамера жинағындағы қазақтың дәстүрлі мәдениеті = Казахская традиционная культура в собраниях кунсткамеры = Kazah traditional culture in the collections of kunstkamera. – Алматы : Мәдени саясат және өнертану институты, 2008. – ISBN 9965-9832-7-5.

Баспа
Мәдени саясат және өнертану институты
Шыққан жылы
2008
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Бұл альбом негізінен Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық жоба ретінде жүзеге асырылған дүние. Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихын, дәстүрлі мәдениеті мен этнографиясын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын жасақтау айрықша өзекті мәнге ие. Қазақ жәдігерлерін жүйелі түрде жинап зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысында бастау алған. Қазіргі күнге дейін Ресейдің Ұлы Петр атындағы АЭМ қазақтың дәстүрлі мәдениетіне қатысты аса құнды дүниелер жинақтамасымен қатар, көшпенді халықтың мәдениеті мен тұрмысына байланысты фотоиллюстрациялық деректемелердің бірегей қорына ие екенін жақсы білесіздер. Кунсткамераға ғылыми экспедицияға досым және әріптесім Б.Әбдіғалиев басқарған ғылыми экспедиция қомақты жұмыс атқара отырып, XVIII -ХІХ ғ. басындағы қазақтардың өміріне, тұрмысына, мәдениеті мен дәстүрлеріне қатысты бірегей фотокөшірмелер елімізге қайта оралды. Соның нәтижесінде Мәдени саясат және өнертану институты дайындап, үш тілде түсініктемелері берілген «Кунсткамера жинағындағы қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты көлемді альбом оқырманның қолына тиді.