Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ (1918-1945 ЖЖ.) : ОҚУЛЫҚ

Библиографиялық сипаттама

Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945 жж.) : Оқулық / Мәшімбаев, Серік. – Алматы : Заң әдебиеті, 2007. – ISBN 9965-12-997-5.

Автор
Мәшімбаев, Серік
Баспа
Заң әдебиеті
Шыққан жылы
2007
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Назарға ұсынылып отырған оқу құралы ХХ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар жүйесінде жетекші орынға ие болған Еуропа және Америка елдерінің соғысаралық жылдардағы және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі саяси-экономикалық, әлеуметтік саладағы даму үрдісін қарастырады. Оқу құралында Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихының бірінші бөлігіне, яғни, 1918-1945 жылдардағы аса маңызды саяси мәселелерге жан-жақты сараптама жасау мақсаты қойылған. Аса маңызды мәселелердің қатарында бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себебі мен нәтижесі, халықаралық қатынастарда жаңадан қалыптасқан жүйенің мәні мен маңызы, мемлекетаралық қатынастағы жетекші елдердің көздеген мүдделері мен кең орын алған «фашизм» сияқты саяси құбылыстардың жеке елдердің саяси-экономикалық дамуына тигізген ықпалы жатыр. ХХ ғасырдың басында қуатты елдер қатарында болған Германия, Франция, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және Италия сияқты елдердің ішкі саяси дамуын, экономикалық жағдайын, әлеуметтік саладағы жетістіктері мен кемшіліктерін, сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарын, осы елдердің өзара қарым-қатынастарында жалпыға бірдей болған үрдістер мен мәселелерді айқындауда көптеген тарихи зерттеулер мен құжаттар берілген.