Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ШАРЖ ШЕРУІ

Библиографиялық сипаттама

Шарж шеруі / Нұразхан, Еркін. – Астана : Фолиант, 2013. – ISBN 978-601-292-382-7.

Автор
Нұразхан, Еркін
Баспа
Фолиант
Шыққан жылы
2013
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Бұл кітапқа елімізге белгілі карикатурашы, шарж суреттің майталманы Еркін Нұразханның 2005-2011 жылдар арасында жасалып, көпшілікке танымал болған туындылары кірді. Сурет әлемінің шарж дейтін кірпияз саласында бейнелейтін кейіпкерінің сыртқы ұқсастығын дәл беру өз алдына, оның ішкі тылсымын көре білу, тіпті кейіпкердің өзі байкай бермейтін болмашы ғана ерекшелікті дөп басып, дабырайта көтере білу - кез келген суретшінің маңдайына біте бермейтін бақыт. Оның үстіне, сурет міндетті түрде күлкі шақыруы керек екенін қаперге алсақ, шарждың бәсі өз-өзінен қымбаттай бермек. Оның уытты карикатурадан айырмасы тағы бар. Шұбатып коментарий жасауды мүлде көтермейтін шарж шіркінді қазақта Еркін Нұразхандай игергендер некен-саяк. Бұл жинақты парақтай отырып, кейіпкермен қосыла күлеріңізге шүбә жоқ.