Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

БЕС МЕЙРАМ

Библиографиялық сипаттама

Бес Мейрам / Сарай, Әнес. – Алматы : Қазақ университеті, 2015. – ISBN 978-601-04-1267-5.

Автор
Сарай, Әнес
Баспа
Қазақ университеті
Шыққан жылы
2015
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Тайпалар тарихында «мен мұндалап» қол бұлғап, көзге көрініп тұрған ештеңе жоқ, бәрі де ғасырлар шаң-тозаңына көмілген бүркеулі қалпында. Тарихымыздың осынау көмескі, ақтандақ тұстарын ашуға бел байлап, бас тіккендіктен Сарыарқаның көлбеген сағымдай бұлыңғыр заманына қалай сүңгіп кеткенімді өзім де білмей қалдым. «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, міне, «Бес Мейрам» кітабы хатталып, алдымда жатыр. Аталмыш зерттеудің шырғалаң шиырында қараңғы түндегі жолаушыдай жолсызбен жүрдім десем артық айтқандық емес, адасып лағып кеткен кездерім де болды, тістей қатып, табандап тіресіп, жоқтан бар жасағандай болып, тапқандарым да аз емес. Сайып келгенде, Бес Мейрамның ежелгі, кейінгі тарихы бір ізге түзіліп, оқырманға жол тартқалы отыр.