Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

БІЗДЕ АБЫРАЛЫДАНБЫЗ. 6 БӨЛІМ. 9 КІТАП

Библиографиялық сипаттама

Бізде Абыралыданбыз. 6 бөлім. 9 кітап / Нәсенов, Болатбек. – Новосибирск, 2004. – ISBN 9965-25-468-2Н.

Автор
Нәсенов, Болатбек
Шыққан жылы
2004
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Бұл кітапта авторды жерлестерінің "Абыралы­Сарыарқаның кіндігі" атты кітабінің "тұсау кесеріне" байланысты қарсы алу мерекесі әсерлі, суреттер арқылы тартымды түрде берілген. Қайнар округіндегі қарт мұғалім Аққайша Нұрпеисованың сөйлеген сөзі, достарының жүректерінен шығарған ыстық тілектерін суреттермен , ұлы ақындардың ғажап өлеңдерімен нанымды түрде берілген. Қайнарда мектептің жанынан жергілікті ақын Сейтқали Қалыбекұлы "Жас ақындар" сыныбын ашқан. Жас ақындардың (5 сыныптан 8 сыныпқа дейінгі оқушылар) өлеңдерін оқып олардың келешегі зор жастар екеніне көзіңіз жетеді. Олар туған елін, жерін суреттей білген жүректі ұл­қыздар. Ата­аналары туралы да түсінік аласыз. Бұл бөлімді оқып шықсаңыз Отан сүю, ата­ана сыйлау, атом сынағының кесірі сияқты көптеген тақырыптарға жас ұрпақтар өз көзқарастарын көрсете білген. Тағы да Абыралыдан шыққан республикаға танымал қайраткерлер туралы суреттер, олардың өмірбаяндарымен таныса аласыздар. Бір ғажабы бір кезде гүлденіп, жайнап тұрған ел 1931 жылғы көтерілістен кейін тоз­тоз болып кеткені, оның үстіне 1937­1940 жылғы "Халық жауы" айдарының кеселінен, 1949 жылдан бері атом­водород бомбаларының сынағы қосылып бұл елді одан әрі тоздырып жібергені туралы терең мағлұмат аласыздар. Осы екі кеселдің әсерінен елінен, Отанынан айырылып, өз еліне жат аталған, еңбегімен басқа елдердің құрметіне бөленген Абыралылықтар туралы өте қызықты деректермен суреттермен танысасыздар.