Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ : СӨЗ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫСТАР

Библиографиялық сипаттама

Әдебиет әлемі : Сөз өнері туралы толғаныстар / Абдрахманов, Сауытбек. – Астана : Фолиант, 2017. – ISBN 978-601-302-869-9.

Автор
Абдрахманов, Сауытбек
Баспа
Фолиант
Шыққан жылы
2017
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахманов саясат, өнер салаларымен қатар, әдебиет тақырыбындағы еңбектерімен де кеңінен танымал. Алғашқы балаң рецензиясы университетке түспей тұрғанында, сонау 1970 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланғаннан бергі жарты ғасырға жуық уақыт аралығында баспасөз бетінде көптеген ойлы мақалалар жазған, Ғабит Мүсірепов, Сергей Михалков, Шыңғыс Айтматов, Әбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов сынды көптеген сөз зергерлерімен тағылымды сұхбаттар жасаған, Пушкин шығармашылығы жайындағы зерттеулері Ресей Сөз өнері академиясының «Ревнителю про­свещения» медалімен марапатталған, жекелеген мақалалары ағылшын, араб, түрік, өзбек, тәжік тілдерінде басылған көрнекті қаламгер, белгілі ғалымның әдебиетші, сыншы, аударматанушы, эссеші ретіндегі толғаныстары тұңғыш рет жеке кітап күйінде жарық көріп отыр. Оқырманның бұл жинақтан адамзаттың арғы-бергідегі жауһар туындылары, төл өдебиетіміздің толғақты мәселелері, көркем аударманың көкжиегі жайында мол мағлұматқа қанығатыны, автордың зияткерлік қуатына тәнті болатыны талассыз.