Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ӘЛЕУМЕТТАНУ ТЕОРИЯСЫ = SOCIOLOGICAL THEORY. 10 - БАСЫЛЫМ

Библиографиялық сипаттама

Әлеуметтану теориясы = Sociological Theory. 10 - басылым / Ритцер, Джордж, Степницер, Джеффри. – Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – (Рухани жаңғыру). – ISBN 978-601-7943-17-2.

Автор
Ритцер, Джордж, Степницер, Джеффри
Баспа
«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры
Шыққан жылы
2018
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған. Кітаптың бірінші бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік ой мен сол кезең өкілдерінің көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану теориясының негізгі мектептері туралы сөз болады. Құрылымдық функционализм, структурализм, неомарксизм, символикалық интеракционизм, этнометодология, айырбас, желілік, рационалды таңдау, қазіргі феминистік, микро-макроинтеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының көппарадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді. Ал қорытынды бөлімде модерннен постмодернге дейінгі және одан кейінгі модерннің заманауи теориялары - нәсілшілдік пен отаршылдық, жаһандану, структурализм, постструктурализм, постмодерндік теориялар, яғни ХХІ ғасыр теорияларының даму үрдістері кеңінен сипатталады.