Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ЖЫР АРҚАУЫ - АТА ЗАҢ

Библиографиялық сипаттама

Жыр арқауы - Ата Заң. – Алматы : Қазақ университеті, 2020. – ISBN 978-601-04-5132-2.

Баспа
Қазақ университеті
Шыққан жылы
2020
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Бұл кітап Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойына арналған. Кез келген елдің Конституциясы бір күнде пайда болмайды. Қазіргі Ата Заңымыздың түп қайнары – әз Тәукенің «Жеті Жарғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолының» лайықты жалғасы. Кеңестік мемлекеттің Конституциялары да өзінің ықпалын тигізді. Конституцияны ардақ тұтып, оған жыр арнаған ақындардың көш басында ұлы ақын Жамбыл Жабаев тұрса, соңында Оразақын Асқар, Серік Ақсұңқарұлы, Нұрлан Мәукенұлы, Кәдірбек Құныпияұлы, Әлия Дәулетбаева сынды айтулы жыр шеберлері тұр. Кітаптағы көркем туындылар қазақстандықтарды берекебірлікке, ырыс-ынтымаққа, ел болып ұйысып, жұрт болып жұмылуға шақырады. Сондай-ақ, тілі жатық, образға бай поэзиялық шығармалар жас ұрпақты отаншылдық, елжандылық, патриоттыққа баулуды көздейді, оларды қасиетті елімізді, ұланғайыр жерімізді қадірлеуге, Тәуелсіздігімізді қорғауға үндейді.