Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАС БАТЫРЛАРЫ : ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ ЖИНАҚ

Библиографиялық сипаттама

Қазақстанның хас батырлары : Ғылыми-танымдық энциклопедиялық жинақ. – Алматы : “Ел-шежіре” баспасы, 2020. – ISBN 978-601-7912-27-7.

Баспа
“Ел-шежіре” баспасы
Шыққан жылы
2020
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Қазақ тарихының әрбір белесінде халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, асқан ерлік көрсеткен азаматтар халық батыры атанған. Қазақ ұлтының бағына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан.Ұлт содан аман қалған. Қазақ жері солардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, қазіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, атамекенімізді батыр бабаларымыз ұлы жорықтарда білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Тәуелсіздіктің бағасын таразылағанда қазақ батырлары жасаған тарихи ерлікті қадірлеуіміз қажет. Тұңғыш рет ұсынылып отырған қазақ батырлары туралы осы толымды топтамадан оқырман қауым ел тарихында баға жетпес із қалдырған ержүрек батырлардың өмір жолы мен күрескерлігін жаңа, тың қырынан тани алады. Топтамаға материалдар жинақтауда қазақ батырлары туралы шығармалар, Қазақстанның барлық облыстары ұсынған батырлар туралы деректер пайдаланылды.