Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ҒАЛАМНЫҢ ЖЫР ДАНАСЫ (ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ КЛАССИГІ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПОЭЗИЯСЫН ТАЛДАП, ЖАҢАША БАҒАЛАУ)

Библиографиялық сипаттама

Ғаламның жыр данасы (Қазақтың ұлы классигі Абай Құнанбаевтың поэзиясын талдап, жаңаша бағалау) / Тарақов, Әнуар. – Алматы : Сардар, 2020. – ISBN 978-601-7624-04-0.

Автор
Тарақов, Әнуар
Баспа
Сардар
Шыққан жылы
2020
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Қазақ халкының ұлы ақыны, классигі, ойшыл дана Абай Құнанбаев шығармалары туралы зерттеулер бірнеше томдарды құрайды. Абайдың туындыларын кеңестік кезеңдегі зерттеу таптық сипат алды. Коммунистік партияның қатаң идеологиялық жүйесіне сай дін тақырыбындағы өлеңдері мен қара сөздеріндегі ой-тұжырымдары терең талданылмады.

Еліміз тәуелсіздігінде әдебиеттанушылар алдында Абайды халқымызға жан-жақты таныстыру, ұлы ақын мұраларын жаңа көзқараспен саралап, бағалау үрдіс алды. Филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Ә.Тарақов Абай шығармаларын тұтастай, кешенді зерттеу жасады. Абай өлеңдері филологиялық әрі герменевтикалық жүйеде кеңінен талданады. Ғалым классик ақынның өлеңінің әр жолын, тіркесін, сөзін талдап, тұжырымдайды. Өлеңнің мазмұнын мәтіндегі ақынның тұспалды ойын, көркемдік-бейнелеу үлгілерін, поэтикалық жаңашылдығын айқындаған. Ғылыми еңбектің тілі жеңіл, оқырмандардың түсінуіне, пайымдауына бейімделген. Автор Абай өлеңдерінің сұлулығы мен сыршылдығын, тереңдігі мен танымдылығын, философиясы мен эстетикасын, т.б. ерекшеліктерін әлемдік классикалық поэзия үлгілерімен салыстыра сараптап, бағалайды.