Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ЖАДЫМДА ҚАЛҒАН ЖАЙСАҢДАР. Т. 1.: ЕСТЕЛІКТЕР

Библиографиялық сипаттама

Жадымда қалған жайсаңдар. Т. 1.: Естеліктер / Рәш, Мыңбай. – 2020. – ISBN 978-601-7599-06-5; 978-601-7599-07-2.

Автор
Рәш, Мыңбай
Шыққан жылы
2020
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Қазіргі қазақ сатирасының ақсақалы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерді игергені үшін», «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарының иегері және Халықаралық сықақшылар конкурсының, Дүниежүзілік жастар фестивалі, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын алма» байқауының лауреаты, «бір өзі — бір театр» атанған Мыңбай Рәш есімі XX ғасырдың елуінші жылдарынан бері қарай қалың оқырманға етене таныс. Қаламгердің Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, халықтар достығы, қарапайым еңбек адамдарының өмірі, бүгінгі замандас бейнесі сынды алуан тақырыпты қамтитын бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы өмірдің өзекті мәселелерін уытты тілмен нысанаға алуымен құнды. Сон- дықтан да, жазушы, сатирик, эпик ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны ерекше. Автор бес томдық шығармалар жинағының «Жадымда қалған жайсаңдар» атты бірінші томында көптеген тарихи тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет майталмандары, өнер саңлақтары хақында нақты деректер арқылы өз көзімен көріп, ғибратты сөздеріне куә болғанын тілге тиек етеді. Естеліктер қара дүрсін жалпылама баяндалмай, көркем тілмен қызықты да мазмұнды етіп әңгімеленеді.