Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

АРАЛБАЙ БАТЫР - ТАҢСҰЛУ АНА

Библиографиялық сипаттама

Аралбай батыр - Таңсұлу Ана / Смайыл, Қалкен. – Алматы : ЖШС РПБК “Дәуір”, 2020. – ISBN 978-601-217-694-0.

Автор
Смайыл, Қалкен
Баспа
ЖШС РПБК “Дәуір”
Шыққан жылы
2020
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Қалкен Смайылдың халық жадында сақталған тарихи деректер негізінде өлеңмен жазылған «Аралбай батыр - Таңсұлу Ана» атты романы мен прозалық нұсқасында казақ - қалмақ соғысының қаһарман баһадүрі Арғын Алтай Аралбай батыр Әлібекұлының ерлігі мен оның жары, ел ба- сына қаралы күн туған зобалаң заманда парасатты ұйымдастырушылық қабілетімен ел - жұртының ынтымағы мен ырысының ұйытқысы болған. Тұтас бір дәуірді қамтыған романның тарихи шынайы желісі қазақ халқының XVIII ғасырда басынан кешкен әлеуметтік тұрмыс -тіршілігінен, ішкі - сыртқы саяси жағдайынан тың мағұлматтар береді. Шығарманың барлық кейіпкерлері өмірде болған, бәрі де өз есімдерімен аталады. Аралбай батыр Әлібекұлы, Сайдалы Аталық Ер Нияз, тарақты Байғозы, Бәйтелі Аралбайұлы, қара тоқа Күшікбай, Нұржан шолақ батырлар, Байдалы би Бекшеұлы, Байтоқа би Аралбайұлы, Ақтайлақ би Мөңкеұлы, әрі батыр, әрі би, әйгілі қас шебер Сармантай Әлібекұлы - елінің бостандығы, жерінің бүтіндігі, Қазақ хандығының мемлекеттігі үшін жан аямай күрескен белгілі тарихи тұлғалар. Кітапқа енген барлық поэмаларға арқау болған да халық жадындағы деректі әңгімелер мен ғылыми дәйектер.

Еңбектің тарихшылар мен этнографтарға, өлкетанушыларға, жалпы оқырман қауымға ұсынар дерегі- ұлттық рухани құндылықтарын қастерлеуге берер тағылымы мен ғибраты мол.