Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ҚАЗАҚТЫҢ 200 ЖЫЛҒЫ ТАРИХЫ. ДОСТАР. Т.5. 7-8-КІТАП

Библиографиялық сипаттама

Қазақтың 200 жылғы тарихы. Достар. Т.5. 7-8-кітап / Нәсенов Б. – Новосибирск, 2004. – ISBN 9965­27-964-0.

Автор
Нәсенов Б.
Шыққан жылы
2004
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Бұл кітапта автордың атына "Абыралы­Сарыарқаның кіндігі" атты төрт томдық кітаптарға келіп түскен пікірлер көлемді түрде көрсетілген. Автордың негізгі мақсаты өзін­өзі мадақтау емес, осы пікірлер арқылы мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, әр түрлі саладағы күллі қазақ еліне белгілі мақтаныштарымызбен халықты таныстырып, олардың өмірбаяндарын жария ету. Атақты ғалымдар, академиктер Рәбиға Сыздықова, Рымғали Нұрғали, Сейіт Қасқабасов, Қайдар Арыстанбеков, Еренғайып Шайхутдинов, Алшынбай Рақышев, халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, халық әртісі Кәукен Кенжетаев тағы басқа да ондаған ірі ғалымдардың ойларымен танысасыздар. Бұл кітаптардың құндылығы ­ архивті қазбалап, шаңның астында жатқан байлықтарды халықтың игілігіне ұсынуда деп білеміз. Әсіресе ешкім білмейтін анау Қостанайдан бастап солтүстік, шығыс, оңтүстік шығыс, орталық Қазақстанның 1851 жылғы тарихы, орыстарға қосылу деректері ерекше қызықтырады. Кітапта бұрын ешбір жерде жарияланбаған Абай, Құнанбай, Алшынбай, Шыныбайларға байланысты қызықты деректерге аса назар аударады. Бұрын құлыптаулы жатқан Шәкәрімнің ісіндегі көптеген құпияларға көзді ашты. Қажыға барудың қиын жолдарын, қоянды жәрмеңкесі, патшаға петиция жазудағы құжаттар, 1916 жылғы Қазақстан солдат алу кезі, кәмпеске, 1931 жылғы көтеріліс, 1937­41940 жылдардағы қанды уақиғалар туралы деректерге оқырмандар шын жүректерінен рахмет айтуда. Әсіресе жанұялары әкелерінің қандай жан екендігін білмейтіндер де аз емес екен. Соларға суреттерін тауып қуантқанын ерекше атаған дұрыс. 40 жылдан артық шаңның астында ешбір адам таныспаған 10 томдық (6 мың беттен) "Теміртау көтерілісі" туралы істі жарыққа шығарып, сол кездегі ішкі істер Министрі Қабылбаев Шырабектің адалдығын дәлелдеуін Министрліктің қызметкерлері аса ризашылықпен атайды. Кітапты қазақ елінің жылы қабылдаған белгілерінің бірі Семейдің Шәкәрім атындағы университеті авторға құрметті профессор атағын берді. Семейдің Абай атындағы мұражайында, Алматының Мұхтар Әуезов атындағы мұражайында осы кітаптың тұсау кесері атап өтілді. Оған көптеген атақты ғалымдар қатынасты. Ол туралы суреттер жақсы берілген. Кітапта еліміздің мақтаныштары Батыр ағаларымыз Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетовтер, республикаға танымал Бижамал Рамазанова, Әзілхан Нұршайықов туралы өте тартымды суреттер, әңгімелер бар. Қазақ халқының бәрі бірдей біле бермейтін өмірдеректері берілген.