Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ТАРИХ ТАҢДАҒАН АСТАНА

Библиографиялық сипаттама

Тарих таңдаған Астана / Смайыл, Алдан. – Астана, 2014. – ISBN 978-601-7001-16-2.

Автор
Смайыл, Алдан
Шыққан жылы
2014
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Бұл кітапта ежелгі Ақмола-Қараөткел өңірінің тарихын ұзақ уақыт зерттеудің нәтижесінде жазылған тарихи деректемелік туынды. Шығармада осы аймақтың және өңірдің саяси-әлеуметтік орталығы болған қаланың бірнеше ғасырғы тарихы нақты мұрағаттық деректермен баяндалады. Кітапта Батыс Еуропа, Араб-Иран, Қытай және Ресей тарихшылары мен саяхатшыларының мәліметтері кеңінен пайдаланылған. Еңбектің ерекшелігі ретінде аталған өңірде билік құрған тарихи тұлғалар туралы мол мағлұматтар берілгендігін айтуға болады. Әз Тәуке және оның хан тағына отырған ұрпақтары, Құдайменде, Қоңырқұлжа, Ыбырай Жайықпаев секілді аға сұлтандар жайлы тартымды әңгімеленеді. ХІХ ғасырдағы патшалық Ресейдің өңірде жүргізген отарлау саясатына байланысты болған саяси-әлеуметтік өзгерістер, кеңес Одағының алғашқы жылдарындағы дүмпулер шынайы суреттеліп, қаланың Астана атанған кезеңі қамтылады. Еңбекте Ақмола – Қараөткел аймағының байырғы елі туралы да тарихи деректерге кең орын берілген.