Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ҚАЗАҚТЫҢ КӨШПЕЛІЛІК МӘДЕНИЕТІ : ФОТОАЛЬБОМ

Библиографиялық сипаттама

Қазақтың көшпелілік мәдениеті : Фотоальбом / Баген, Асылхан. – Шынжын : ҚХР Шинжяң Жастар - Өрендер баспасы, 2014. – ISBN 978-7-5515-3215-8.

Автор
Баген, Асылхан
Баспа
ҚХР Шинжяң Жастар - Өрендер баспасы
Шыққан жылы
2014
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

“Қазақтың көшпелiлiк мәдениетi” атты бұл фотоальбом – менiң фотосуретшi кәсiбiмен шұғылданған 50 жылдық өмiрiмнiң iзi. Өмiрден түйгенiмдi, фотоға түсiргенiмдi тиянақтап, ұрпақтың игiлiне жарасын деген ниетпен фотоальбом шығару iсiн 10 жыл бұрын қолға алған едiм. Альбомды шығарудағы мақсатым – қазақтың көшпелiлiк өмiрiнiң суретiн тарихқа таңбалау. Жұртқа мәлiм бұл тақырып Қазақстан егемендiгiн алғаннан кейiн алыс-жақын елдердiң ерекше назарын аударды. Фотоаппарат асынған менiң үлкен арманымның бiрi қазақтың көшпендiлiк өмiрiн әйгiлеу болды. Осы мақсатыма жету үшiн талмай iзденiп, аса құнды суреттер жинадым. Бұл кiтапқа өзiмнiң төл туындыларымнан тыс Қытай және Қазақстан фото­суретшiлерiнiң де суреттерiн бастырдым. Альбом қазақтың көшпендi өмiрiнен сыр шертсе, Шоқан Уәлиханов, Әлкей Марғұлан сынды ғалымдардың қазақтың тарихына, этнографиясына, тұрмыс-салтына қатысты жазған туындылары да кiтаптың салмағын арттырады.