Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ТАРИХ-И РАШИДИ : [ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕК]

Библиографиялық сипаттама

Тарих-и Рашиди : [ғылыми еңбек] / Мұхаммед Қайдар Дулат. – Алматы : ҚАЗақпарат, 2015. – ISBN 978-601-03-0376-8.

Автор
Мұхаммед Қайдар Дулат
Баспа
ҚАЗақпарат
Шыққан жылы
2015
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Кітаптың М.Қойгелді, И.Жеменей тарапынан жазылған алғы сөзінде Мұхаммед Қайдардың біздің бәрімізге ортақ діңнен – ортағасырлық түркілерден шыққан, қазақ хандығының алғашқы ордасы құрылған Жетісудан, Моғолстаннан шыққан отандасымыз екендігі және автордың қазақ халқын құрайтын негізгі тайпалардың бірінен – дулат тайпасынан шыққаны айтылады. Ислам Жеменей кітаптың өнсөзі ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақтың бүкіл тарихы бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ – тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» деген ойтұжырымын келтіреді. Бұл сөздің өте дәл, орынды айтылғаны ешқандай дау тудырмайды. Және осындай еңбектердің халқымыздың өткені мен бүгіні, болашағы үшін ақиқат мәнін айқындауға жол ашады. Ұлы дала елінің бұрынғы кезден бола­шаққа бағдарланған бүкіл даму стратегиясын айқындайды. Адамның өз ықтиярымен бо­латын бірлесу, бірігу, тұтастану идеясы – Мәңгілік Елдің алтын қазығы іспеттес дүние. Кемел ойдың ғажайып туындысы.