СУРЕТШІЛЕР ӘУЛЕТІ : ФОТОАЛЬБОМ = ДИНАСТИЯ ХУДОЖНИКОВ = THE DYNASTY OF ARTISTS : ALBUM
Библиографиялық сипаттама
Суретшілер әулеті : Фотоальбом = Династия художников = The dynasty of artists : Album / Сидоркин В. – Алматы : БПКА, 2016. – ISBN 978-601-7459-43-7.
- Автор
- Сидоркин В.
- Баспа
- БПКА
- Шыққан жылы
- 2016
- Сыныптау индексі (ӘОЖ)
- —
- Тіл
- Қазақ тілі
- Басылым түрі
- Кітап
- Басылым елі
- —
- Қолжетімділік
- Барлығына қолжетімді
Сипаттама
Сидоркиндер әулетінің еліміздің өнеріне қосқан еңбегі зор. Евгений Сидоркиннің есімі Қазақстан бейнелеу өнерімен тығыз байланысты. Еңбектерін Қазақстанды насихаттап, суреттеуге арналған Е. Сидоркин Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романына, «Сәкен Сейфуллинді оқи отырып», «Қазақ эпосы» топтамасына, т.б. қазақ салт-дәстүрімен байланысты көптеген суреттер салды. Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері Е. Сидоркиннің туындылары жиырмадан аса елде көрсетіліп жоғары бағаға ие болды. Е. Сидоркиннің жары, суретші Г. Ысмайлова еліміздің театр, кино өнеріне өлшеусіз үлес қосты. Г. Исмаилова Ол өзінің қаламымен ғана емес, «Қыз Жібек», «Ботагөз», т.б. фильмдерде ойнап, театр мен кинода сомдаған тамаша рөлдерімен ерекшеленді. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері Г. Ысмайлованың туындылары еліміздің теңдесі жоқ құндылықтары қатарында аталады. Е. Сидоркин және Г. Исмаилованың отбасында өмірге келген, осы әулеттің мұрагері В. Сидоркин де тамаша суретші. Негізгі жанры - портрет. Шығармашылық емес көптеген шетелдерде танымал. Альбомда осы шығармашыл отбасының еңбектері орын алған.
Заслуга династии Сидоркиных в становлении и развитии искусств страны очевидно. Творческий путь Народного художника Казахстана Евгения Сидоркина тесно связано с Казахстаном, который он будучи еще молодым полюбил всем сердцем. Мироотношение художника, состояние его души-определяющее звено в его творчестве. Е. Матвеевич в своих работах над иллюстрациями книг глубоко и проникновенно прочувствовал нравственно-этническое мироощущение казахского народа, его традиционную культуру. Благодаря яркой индивидуальности, дарованию Мастера мы имеем возможность осознать богатство нашей национальной культуры. Е. Сидоркин Лауреат Государственной премии Казахской ССР имени Ш. Валиханов. Высоко чтят его творчество и в 21 веке. Народный художник Гульфайрус Исмаилова (супруга Евгения Сидоркина) весь свой талант отдала театру оперы и балета имени Абая. Внесла неоценимый вклад в искусстве кино. В сочетании с умением мыслить по законам сценического пространства, знанием казахской национальной культуры и творческим восприятием реалистических традиций русского музыкального театра, эти качества определили дальнейший путь в театре, ее успехи и находки. С ее непосредственным участием созданы премьеры таких постановок, как «Ер-Таргын», «Жумбак-кыз», «Алпамыс», «Иоланта», «Ахан-сере и Актокты» и другие. В настоящее время наследником и продолжателем творческой династии является Вадим Сидоркин - сын великих родителей. Отличный художник В. Сидоркин работает в жанре - портрет. Творческий метод - реализм. Его труды известны не только в Казахстане, но и за рубежом.
The merit of the Sidorkin dynasty in the formation and development of art is obvious. The creative path of People's Artist of Kazakhstan Evgeniy Sidorkin is closely connected with Kazakhstan, which he fell deeply in love with as a young artist. The artist's worldview, the state of his soul, are the defining elements in his pieces. In his work on book illustrations, E. Matveyevich deeply and earnestly felt the moral and aesthetic attitude of the Kazakh people, its traditional culture. Thanks to the bright personality and talent of this Master, we are able to realize the richness of our national culture. E. Sidorkin was a Laureate of the Valikhanov State Prize of the Kazakh SSR. His work is highly honored even in the 21st century. People's Artist Gulfairus Ismailova (spouse of Evgeniy Sidorkin) gave all of her talent to the Abay Opera and Ballet Theatre. She made an invaluable contribution to the art of cinema. Combining the ability to think within the confines of the stage space, a knowledge of Kazakh national culture and a creative perception of the realistic traditions of Russian musical theater, these qualities have defined Gulfairus' path in theater; her accomplishments and discoveries. Premiere productions such as "Er-Targyn", "Zhumbak-Kiz", "Alpamys", "Iolanta", "Akan-Sere and Aktokty" and others, were created with her direct participation. Currently, the heir and successor of the creative dynasty is Vadim Sidorkin - the son of accomplished parents. An excellent artist, V. Sidorkin works in the genre of portraits. His creative method is realism. His works are known not only in Kazakhstan, but also abroad.
Оқу залын пайдалану қағидалары
«Қазақстан Республикасының Цифрлық Президенттік қоры» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының 2026 жылғы «____» қыркүйектегі № ______ бұйрығымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
1.1. «Қазақстан Республикасының Цифрлық Президенттік қоры» республикалық мемлекеттік мекемесінің оқу залын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар, Президент орталығы) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Мәдениет туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысының 2023 жылғы 28 тамыздағы № 05/255 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Цифрлық Президенттік қоры» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
1.2. Осы Қағидалар Президент орталығының оқу залын пайдалану тәртібін, пайдаланушыларға қызмет көрсету шарттарын, сондай-ақ пайдаланушылар мен Кітапхана жұмысы қызметі қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
1.3. Президент орталығының кітапхана қоры мекеменің кітапхана қорының бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында және Президент орталығының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен есепке алынуға, сақталуға және оның сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
1.4. Президент орталығының кітапхана ресурстарын пайдалану құқығы Президент орталығының пайдаланушылары ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен беріледі.
1.5. Осы Қағидалар оқу залының барлық пайдаланушылары үшін міндетті.
2. Оқу залын пайдалану тәртібі
2.1. Оқу залы – пайдаланушыларға кітапхана құжаттарымен оларды мекемеден тыс жерге шығармай, тікелей Президент орталығының үй-жайында жұмыс істеу мүмкіндігін беретін кітапханалық қызмет көрсету нысаны.
2.2. Оқу залында пайдаланушыларға қызмет көрсету өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
2.3. Пайдаланушының оқу залына кіруі Президент орталығы белгілеген тәртіппен пайдаланушының сәйкестендіру нөмірі (ID-нөмірі) негізінде жүзеге асырылады.
2.4. Оқу залының жұмыс режимі: сейсенбі – жексенбі: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, дүйсенбі – демалыс күні. Пайдаланушылар оқу залына сағат 18:15-ке дейін кіре алады.
2.5. Іс-шаралар, регламенттік, техникалық және өзге де жұмыстар жүргізілген кезеңде, сондай-ақ Президент орталығының ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда оқу залына кіру уақытша шектелуі немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.
2.6. Президент орталығының пайдаланушысы ретінде тіркелу кезінде адам осы Қағидалармен танысады және олармен танысқанын әрі оларды сақтау міндеттемесін растайды. Танысқанын растау пайдаланушының жеке қолтаңбасы арқылы не Президент орталығы белгілеген тәртіппен электрондық нысанда жүзеге асырылады.
2.7. Осы Қағидаларды бұзған не Президент орталығының кітапхана қорына немесе өзге де мүлкіне залал келтірген пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
2.8. Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
2.9. Кітапхана құжаттары жоғалған немесе бүлінген жағдайда пайдаланушы келтірілген залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында және Президент орталығының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және шарттарда өтеуге міндетті.
2.10. Жоғалған немесе бүлінген кітапхана құжаттары Кітапхана жұмысы қызметімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында және Президент орталығының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен баламалы құжаттармен ауыстырылуы мүмкін.
3. Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Пайдаланушылардың:
- Президент орталығының кітапхана құжаттарын және негізгі кітапханалық-ақпараттық қызметтерін тегін пайдалануға;
- қажетті ақпаратты іздеу және іріктеу кезінде Кітапхана жұмысы қызметі қызметкерлерінен консультациялық көмек алуға;
- оқу залында жұмыс істеу үшін Президент орталығы ұсынатын компьютерлер мен бағдарламалық қамтылымды берілген өкілеттіктер шегінде пайдалануға;
- кітапханалық қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында және Президент орталығының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұсыныстармен, ескертулермен және шағымдармен жүгінуге құқығы бар.
3.2. Пайдаланушылар:
- кітапхана құжаттарын алу кезінде пайдаланушының сәйкестендіру нөмірін (ID-нөмірін) көрсетуге;
- осы Қағидаларды және оқу залының белгіленген жұмыс режимін сақтауға;
- оқу залында тыныштықты, қоғамдық тәртіпті және мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
- басқа пайдаланушыларға және Президент орталығының қызметкерлеріне құрметпен қарауға;
- кітапхана құжаттары мен ақпараттық ресурстарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;
- кітапхана құжаттарына, жабдыққа, жиһазға және Президент орталығының өзге де мүлкіне ұқыпты қарауға;
- оқу залының үй-жайлары мен жабдығын тек мақсаты бойынша пайдалануға;
- санитариялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
- Президент орталығына келген кезде сырт киімді белгіленген тәртіпке сәйкес гардеробқа тапсыруға;
- оқу залына жеке жұмыс материалдарын, оның ішінде диссертацияларды, дәптерлерді және өзге де құжаттарды Президент орталығы белгілеген тәртіппен алып кіруге;
- төтенше жағдай, оның ішінде өрт, дүлей зілзала, техногендік авария, террористік акт немесе оны жасау қатері туындаған кезде Президент орталығы қызметкерлерінің, сондай-ақ объектіні күзетуді жүзеге асыратын ұйымдар қызметкерлерінің талаптары мен нұсқауларын дереу орындауға және белгіленген эвакуациялау тәртібін сақтауға міндетті.
3.3. Пайдаланушыларға:
- ақпараттық жүйелер мен ресурстарға қол жеткізу үшін берілген өздерінің сәйкестендіру деректерін, оның ішінде логин мен парольді басқа адамдарға беруге;
- тыныштықты, қоғамдық тәртіпті және белгіленген мінез-құлық қағидаларын бұзуға;
- оқу залында алкогольдік, есірткілік немесе өзге де мас күйде, сондай-ақ қауіпсіздікке қатер төндіретін немесе басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын күйде болуға;
- кітапхана құжаттарына қандай да бір өзгерістер енгізуге, оның ішінде астын сызуға, белгілер қоюға, түзетулер жасауға, парақтарды бүктеуге немесе құжаттарды өзге де тәсілмен бүлдіруге;
- кітапхана құжаттарын Кітапхана жұмысы қызметі қызметкерлерінің рұқсатынсыз оқу залынан тыс жерге шығаруға және үшінші тұлғаларға беруге;
- кітапхана құжаттарының парақтарын, жекелеген беттерін, фотосуреттерін, сызбаларын, маркаларын және өзге де құрамдас бөліктерін алып тастауға;
- оқу залында сырт киіммен, оның ішінде сырт киімді қол жүгі ретінде ұстап отыруға;
- Президент орталығының ішкі талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқу залына тамақ өнімдерін, сусындарды және ірі габаритті заттарды алып кіруге;
- оқу залындағы тыныштықты бұзатын дыбыстық сүйемелдеуі бар ұялы телефондар мен өзге де құрылғыларды пайдалануға;
- уәкілетті қызметкердің рұқсатынсыз компьютерлер мен басқа да жабдықтың баптауларын өзгертуге, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым орнатуға;
- Кітапхана жұмысы қызметі қызметкерлерімен алдын ала келіспей және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасының талаптарын ескермей, кітапхана құжаттарын фото-, бейне-, аудиожазбаға түсіруге, сканерлеуге және көшірмесін жасауға;
- Президент орталығының басшылығымен алдын ала келіспей, оқу залында экскурсиялар, сабақтар, дәрістер, тұсаукесерлер және өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
4. Кітапхана жұмысы қызметінің құқықтары мен міндеттері
4.1. Кітапхана жұмысы қызметінің:
- пайдаланушылардан осы Қағидаларды сақтауды талап етуге;
- осы Қағидаларда және Президент орталығының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда пайдаланушылардың кітапхана ресурстарына және оқу залына кіруін уақытша шектеуге немесе тоқтата тұруға;
- пайдаланушы осы Қағидаларды, қауіпсіздік талаптарын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда жекелеген қызметтерді көрсетуден бас тартуға;
- кітапхана қорына, жабдыққа және Президент орталығының өзге де мүлкіне келтірілген залалды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеуді талап етуге;
- осы Қағидаларды бұзған адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және Президент орталығының ішкі құжаттарында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқығы бар.
4.2. Кітапхана жұмысы қызметі:
- пайдаланушыларға осы Қағидаларға сәйкес қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;
- пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызметтер, оларды алу тәртібі және оқу залының жұмыс режимі туралы ақпарат беруге;
- пайдаланушылардың кітапхана ресурстарына белгіленген тәртіпке сәйкес қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
- пайдаланушылардың оқу залында жұмыс істеуі үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етуге;
- кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға;
- пайдаланушыларға қызмет көрсету мәдениеті мен сапасын қамтамасыз етуге;
- кітапхана қорын насихаттауға және оқуға деген қызығушылықты дамытуға жәрдемдесуге;
- пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
5. Қорытынды ережелер
5.1. Әкімшілік және Кітапхана жұмысы қызметінің қызметкерлері пайдаланушылардың қараусыз қалдырылған жеке заттарының жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауапты болмайды, жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
5.2. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Президент орталығының өзге де ішкі құжаттарымен реттеледі.
5.3. Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келген жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қолданылады.
5.4. Осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар белгіленген тәртіппен енгізіледі және Президент орталығы директорының бұйрығымен бекітіледі.
5.5. Осы Қағидалар бекітілген күнінен бастап күшіне енеді және оларға өзгерістер енгізілгенге не олар күші жойылды деп танылғанға дейін қолданылады.
*Президент орталығы осы ережелерге өзгеріс енгізуге құқылы.