Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ = A BRIEF HISTORY OF PHILOSOPHY : СОКРАТТАН ДЕРРИДАҒА ДЕЙІН

Библиографиялық сипаттама

Философияның қысқаша тарихы = A Brief History of Philosophy : Сократтан Дерридаға дейін / Джонстон, Дерек. – Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – (Рухани жаңғыру). – ISBN 978-601-7943-05-9.

Автор
Джонстон, Дерек
Баспа
«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры
Шыққан жылы
2018
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты бұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді. Кітап тарауларында философтардың өмір сүрген дәуіріне шолу жасалып, сөз болатын шығармалардың негізгі идеяларын талдауға басымдық берілген. Сондай-ақ, жинақта философтардың өмір деректері мен басты еңбектерінің тізімі, сол дәуірдегі ғылыми жаңалықтар мен тарихи оқиғалар, философиялық, әдеби және көркем туындылар да қамтылған. Әр шығармаға арналып оның түйінді идеясын білдіретін ықшам анықтама дайындалған. Тақырыптар хронологиялық ретпен баяндалса да, материал кез келген тараудан бастап түсініп оқи беруге лайықталып, әрқайсысы жеке бітіммен құрастырылған.