Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

МӘҢГІЛІК МАЙДАН : РОМАН-ДИЛОГИЯ. 2-КІТАП. КӨК АСПАННЫҢ ӘМІРШІСІ

Библиографиялық сипаттама

Мәңгілік майдан : Роман-дилогия. 2-кітап. Көк аспанның әміршісі / Көпіш, Әшірбек. – Алматы : Өнер, 2018. – ISBN 978-601-209-247-9; 978-601-209-255-4.

Автор
Көпіш, Әшірбек
Баспа
Өнер
Шыққан жылы
2018
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Күні кеше ғана Уақыт қойнауына кеткен — XX ғасырда, бүкіл адамзаттың тағдырымен бірге, қазақ халқының өзегін жойқын тарихи-әлеуметтік сілкіністер тілгілеп өтті. Ен далада бейбіт, бейтарап өмір сүріп жатқан халық империялық күштердің отаршылдығын, әкімшіл-әміршіл кеңестік жүйе ұлттық ой-санамызды ұдайы күшпен тойтарып отырған небір әділетсіздіктер мен қанды оқиғаларды бастан кешірді.

Автор “Мәңгілік майдан” (бір жанның мыңжылдық қасіреті) атты тарихи-психологиялық роман-дилогиясының 1-кітабында сол ғасырдың басынан бастап қазақ даласына “қызылдар қырғыны” келу қарсаңына дейінгі кезеңде шығарманың басты қаһарманы Серханның және оның айналасындағы адамдардың тағдырын, олар басынан кешірген оқиғалармен байланыстыра отырып, ұлттық дүниетанымымыз бен елдік санамызды бойтұмардай сақтап қалу жолындағы кейіпкерлердің арпалысқа толы күрескерлік бітімін даралап көрсетеді.

Мұнда, сондай-ақ, адам өмірімен қатар, дүниежүзілік биосферада аяусыз зардап шегіп келген Жер мен тіршілік, ауа мен су, жылқы мен жан-жануарлар, кұс пен құмырсқа, ағаш пен өсімдік, яғни, бүкіл Планета тағдыры да қатар өрбумен болады.