Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ТАРИХ ҚҰПИЯСЫН АҚТАРҒАН : ПОВЕСТЕР, ӘҢГІМЕЛЕР, АУДАРМАЛАР, РОМАН, СҰХБАТ, ЭССЕ, ӨЛЕҢДЕР

Библиографиялық сипаттама

Тарих құпиясын ақтарған : Повестер, әңгімелер, аудармалар, роман, сұхбат, эссе, өлеңдер / Сатаев, Амантай. – Алматы : “Қайнар баспасы” ЖШС, 2019. – ISBN 978-601-212-075-2.

Автор
Сатаев, Амантай
Баспа
“Қайнар баспасы” ЖШС
Шыққан жылы
2019
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Қазақтың жоғары білімді, жұртқа танымал жазушы әрі тарихшы, тұңғыш кәсіби мұрағатшы - архивариусы, кезінде "тірі энциклопедия" атанған "архив орбитасындағы Затаевич", жай күндегі "Сатаевич", "геологтай ізденімпаз, құмырсқадай еңбекқор, ғұламадай танымпаз" А. Сатаевтың көлемді бұл еңбегінен оқырмандар сирек кездесетін архивтік деректерге қанығады. Одан тарихи-архивтік деректерге тұнып тұрған қазақ тарихын білгісі келетін бүгінгі зерделі оқырманның санасына маңызды мағлұматтар, еуроцентристік көзқарас жайлап алған қапас көңілдерге жарық сәуле, күн нұры құйылып, ұлттың намысын қайрайтын материалдармен танысады. Автор адамзаттың тарихын, Қазақстанның, қазақтың көнеден бергі тыныс-тіршілігін мұрағат құжаттарымен нақты дәлелдейді. Сан салада қалам тартқан қаламгердің тарихи деректерге сүйеніп жазған "Дала күйлері", "Тұңғиықтағы тұнықтар", "Акқуды атпас болар", "Ақын ізімен", "Бесшатыр", "Көктемнің қысқа күні", "Туған жердің топырағы", "Мұстафа - Ташкентте", "Ботагөз", "Ағады Ақеділ" секілді еңбектері, Аттила, Абылай, Едіге, Бөгенбай, Шоқан, Махамбет, Абай, Сегізсері, Шоқай, Сүйінбай, Сәкен, Ілияс, Қажымұқан, Қаныш, Жүсіпбек, Мұхтар, Әлкей, Есенин, Қажымұқан, Жұмат, Шәкен, Жагорқызы, Арал тағдыры, Түркістан күмбезі туралы жазған туындылары автордың сергек зерттеуші, батыл пайымдаушы екенін дәлелдей түседі. Автор жалаң жазушының деңгейінде қалмай, архивтен іздеп тапқандарын, кәріқұлақтардан естігендерін, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жинап, тергендерін шынайы суреттеп, жүйеге келтіре білген.