Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ӨНЕР ӨЛКЕСІ : ЗЕРТТЕУЛЕР, МАҚАЛАЛАР. СҰХБАТТАР

Библиографиялық сипаттама

Өнер өлкесі : зерттеулер, мақалалар. сұхбаттар / Абдрахманов, Сауытбек. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. – ISBN 978-601-338-311-8.

Автор
Абдрахманов, Сауытбек
Баспа
Фолиант
Шыққан жылы
2019
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахмановтың аты өнертанушы ретінде де ардақты. Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдарындағы кино, театр рецензиялары арқылы қалың жұртшылыққа жастай танылған автордың өнер жөніндегі зерттеулері, мақалалары, сұхбаттары өзі 16 жыл бойы басқарған «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде 200 мыңнан астам таралыммен жүйелі жарияланып, дәйім оқырманның ыстық ықыласына бөленіп келді. Әйтсе де, бұған дейін олар топтастырылып, кітап күйінде шықпаған еді. Енді, міне, сол олқылықтың орны толғалы отыр. «Өнер өлкесінен» сіз қазақ мәдениетінің майталман тұлғалары, әлемдік өнердің маржан туындылары туралы мол мәліметке қанығып, Ғабит Мүсірепов, Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов, Людмила Зыкина, Махмұд Эсамбаев, Нұрмұқан Жантөрин, Михаил Ульянов, Андрей Кончаловский, Наталья Арынбасарова, Бибігүл Төлегенова, Гүлфайруз Исмайылова, Сергей Соловьев, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбаев, Ескендір Хасанғалиев, Сатыбалды Нарымбетов, Нұржамал Үсенбаева сынды саңлақ суреткерлердің сырлы сұхбаттарын оқи аласыз. Сауытбек Абдрахмановтың бұл кітабы қазақ мәдениеттанушылығының әлемдік өреде өрістеп келе жатқанын даусыз дәлелдейді. Терең таным мен нәзік талғам қаламгерлік шеберлікпен астасқандықтан да жинақ қызғылықты оқылады.