Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

СӨЗБИІ - КІТАБЫ. ТЕТРАЛОГИЯ (МЫҢ БІР СӨЗБИІ)

Библиографиялық сипаттама

Сөзбиі - кітабы. Тетралогия (мың бір сөзбиі) / Рахман, Төре. – Тараз : Сенім, 2019. – ISBN 978-601-7820-50-3.

Автор
Рахман, Төре
Баспа
Сенім
Шыққан жылы
2019
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Масатшы ақын Төрегелді Тұяқбай оқырмандарға өзінің «Бастау», «Өз көзіммен», «Қарлы құйын», «Орман аңызы», «Жан дауысы», «Сүймегендер сағынбайды» атты поэзия кітаптарымен және көркем аударма туындыларымен жақсы таныс. Өлеңдері бірнеше тілге аударылған ақынның 1992 жылы «Снежны чалавек» атты кітабы белорус тілінде жарық көрген. Автордың төрт кітаптан тұратын «Төрт тоғыс» атты сөзбиі-тетралогиясы – оның тынымсыз ізденісі арқасында дүниеге келген тың туындысы. «Сөзбиінсіз көңілі көншімеген, ақын емен, жырау да, әнші де емен: масатшылық өнерге құлаш ұрдым, масатым бар менің де еншілеген!» деп жазады ол. Сөзбиінің пішіні мен мазмұнының сонылығын былай қойғанның өзінде, ақынның алдына қойған мақсаты дәстүрлі поэзия ауқымынан асып түсетін тәрізді. Ақынның масат өнеріне поэзия аясынан бөлек қарауы тегін болмаса керек. Сөзбиі түйдектерін оқып отырғанда оның ішкі иірім, ырғақ-ұйқастарының өзі-ақ оқырманды еріксіз әуез-әуенге, мәнер-мақамға, саз-күйге жетелей бастайтындай. Ақынның: «Саз-күйі ме алдымен сөзбиі ме?» дейтіні де сондықтан.