Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТОЛЫҚ АТЛАСЫ. ҮШ ТОМДЫҚ. Т. 2

Библиографиялық сипаттама

Орхон ескерткіштерінің толық атласы. Үш томдық. Т. 2 / Сартқожаұлы, Қаржаубай. – Алматы : “Samga Press”, 2019. – ISBN 976-601-301-695-5.

Автор
Сартқожаұлы, Қаржаубай
Баспа
“Samga Press”
Шыққан жылы
2019
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

«Орхон ескерткіштерінің толық атласында» Еуразия Ұлы даласына үш ғасыр бойы билік жүргізген, Мәңгілік ел орнатуды көксеген, өздерінің тарихын, дүниетанымын, даналығын, ой-санасын, болмысын, жазу өнерін, ел басқару жүйесін, ата дәстүрін өшпестей етіп тасқа қашап кеткен, сөйтіп, өркениетке, адамзат мәдениетіне асыл қазына қосқан байырғы түріктердің мұралары түгел қамтылған. Алтай, Орхон, Сэленгі, Керулен бойынан табылған Көк түрік империясы дәуіріндегі (500-900 жж) тас ұстынға 2000 жыл бұрын қашап жазған түпнұсқада тарих, тіл әдебиет (сөз өнері), сөз аспабы, байырғы архитектура және философиясы мен салт-дәстүрлерінің мұралары қамтылған. Бүгінгі қазақтың салт-дәстүрлері сол дәуірден қалыптасқанына көз жеткізеді. Атласта Моңғолия-Чехия, Моңғолия-Түркия (ТИКА), Моңғолия-Кеңес одағы біріккен экспедицияларының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті экспедициясының материалдары, сондай-ақ әлем түріктанушыларының ғасырдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің қорытындысы пайдаланылған.Атлас авторы байырғы түрік мәтіндерін қайта көшіріп, қайта оқыған, сондай-ақ бұрынғы зерттеушілердің қателері түзетілген, түпнұсқа мәтінінің жаңа транскрипциясы, жаңа аудармасы жасалған, жаңа түсініктемесі берілген; жартылай көшпелі дәуірдің тарихи-мәдени мұралары Атласта тегіс қарастырылып, олардың археологиялық сипаттамасы, фото, сызба суреттері тұңғыш рет толық берілген.