Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ

Библиографиялық сипаттама

Тәуелсіздік тартуы / Бектемісов, Асқарбек. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020. – ISBN 978-601-338-475-7.

Автор
Бектемісов, Асқарбек
Баспа
Фолиант
Шыққан жылы
2020
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Автор қазақ елінің баға жетпес басты байлығы — Тәуелсіздігімізді публицистикалық туындысына арқау ете отырып, ата-бабаларымыз ғасырлар бойына армандап өткен бостандықтың тәтті дәмін татқанын бақытына балайды. Тәуелсіздігіміздің арқасында Арқа төсінде әсем қала — Астанамыздың бой көтергенін, оған қарап, еліміздің өңірлеріндегі барша қалалар көш түзегенін тіліне тиек еткен. Бүгінгі таңда төрткүл дүние таңдай қағып тамсанған тамаша Елордамызды, оның авторы — көреген көшбасшымыз Н.Ә. Назарбаевтың Еліміздің алдындағы көл-көсір еңбегін ерекше шабытпен жырлаған. Ұлтымыздың мақтанышына, айбарына айналған бас қаламыздың халқымыздың рухын көтеріп, оның дамудың даңғыл жолына түскенін көркем тілмен кестелеген. Бұрынғы отаршы елдің (Патшалық Ресей, КСРО) ұлтымыз жайлы жер жүзіне жайған: «Қазақ деген халық — мал соңында жүріп, цивилизацияның оң көшінен қалып қойған қараңғы қаңғыбас халық» деген сөзін теріске шығарып, іс жүзінде қазақтардың дана халық екенін дәйекті деректермен дәлелдеп берген. Қазақ деген атаудың қалай қалыптасқанын соқырға таяқ ұстатқандай ұғындырған. «Қазақстан — 2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, озық 30 елдің қатарына қосылу — «Мәңгілік Ел» болу жолындағы сабақтастық екенін тебірене толғаған. Толғай отырып, Ұлы Дала елінде алдымызға қойған ұлы мақсаттарға жетудегі көзқарасымызды құбылмалы кесірткедей (хамелеон) құбылтпауға үндейді. Отанға, жерге, мәдениетке, тарихқа деген түсінігіміздің түпкілікті де тиянақты болуына және рухани жаңғыруға уағыздайды. Сонымен қатар автор артына, кең-байтақ еліне адалдығымен өшпес өнегелі із қалдырған, қазақтың асыл перзенті, біртуар азаматы, еңбек ері, мемлекет және қоғам қайраткері Е.Н. Әуелбеков жайлы және сан қилы өмір өткелдерінен бірге өткен өрелі ел ағаларының өнегелерін сом алтындай сомдаған. Сондай-ақ өмірде кездесіп жататын келеңсіз көріністерді де назарынан тыс қалдырмаған. Жалпы қарымды қаламгердің тілі жатық әрі тартымды. Оның қаламынан шыққан әр публицистикалық туындысы мен әсерлі эсселері оқырманын жалықтырмай алға жетелеп отырады.