Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АЙБЫНДЫ БИЛЕУШІЛЕРІ. ӘБІЛҚАЙЫР ШАЙБАНИ - ДЕШТІ-ҚЫПШАҚТЫҢ СОҢҒЫ БИЛЕУШІСІ = ВЕЛИКИЕ ХАНЫ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ. АБУЛХАИР ШЕЙБАНД - ПОСЛЕДНИЙ ВЛАДЕТЕЛЬ ДАШТИ-КЫПЧАКА

Библиографиялық сипаттама

Ұлы даланың Айбынды билеушілері. Әбілқайыр Шайбани - Дешті-Қыпшақтың соңғы билеушісі = Великие ханы Великой степи. Абулхаир Шейбанд - последний владетель Дашти-Кыпчака / Аяған, Бүркітбай. – Алматы : “Тау Кайнар” ЖШС, 2020. – ISBN 978-601-7988-27-2.

Автор
Аяған, Бүркітбай
Баспа
“Тау Кайнар” ЖШС
Шыққан жылы
2020
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Сіздің қолыңызда бірегей кітап – профессор Бүркітбай Аяғанның ғылыми еңбегі Әбілқайыр Шайбанидтің өмірбаянына арналған. Осы басылымның беттерінде Жошы ұлысының қираған үйінділерінде қыпшақтардың ежелгі елін жаңғыртып, Әмір Темір империясына қарсы шығуға аттанған ұлы адам туралы айтылады. Әбілқайыр он жеті жасында хан тағына дейін көтеріліп, әрі қарай өзінің биік туының астында Ұлытау тауларында көптеген дала тайпаларын біріктіріп, Мәуереннаһрға жеңіс маршын жасайды. Ол тоқтаусыз арғымақтардың тұяқ дүбірімен әлемдік тарихты өзгертіп, Еуразия құрлығындағы темуридтердің тұтас әмірлігін біржолата жойды. Әбілқайыр Шайбанид Жошының тікелей ұрпағы, Ұлы даланың кең жазықтарынан шыққан. Оның туа біткен қолбасшылық таланты тарих бейнесін өзгертті. Кең даланың намысқой ұлы темуридтерді талқандады және Сырдария маңындағы қалаларды босатып, тек қазақ халқының ғана емес, сонымен бірге өзбек этносының да пайда болуының берік іргетасын қалады. Өткен жүзжылдықтар түнегінде, Әбілқайыр Шайбанид атының ұмытылуы әділетсіз болды. Оның жауынгерлік ерліктері мен игі іс-әрекеттері әлемдік тарихнамадан алынып тасталған. Тіпті қыпшақтар елінің соңғы билеушісінің сәулетті сарайларынан тас та қалған жоқ. Ал оған ұрпағы орнатқан кесене тас-талқан болып бұзылды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанда Әбілқайыр Шайбанидтің ұлы атын халық жадында қайта тірілту уақыты келді.