Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

БЕЛАСУ

Библиографиялық сипаттама

Беласу / Тоқаев, Қасым-Жомарт. – Алматы : ЖШС РПБК “Дәуір”, 2008. – ISBN 978-601-217-002-3.

Автор
Тоқаев, Қасым-Жомарт
Баспа
ЖШС РПБК “Дәуір”
Шыққан жылы
2008
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Белгілі саясаткер, дипломат, мемлекет қайраткері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Беласу” атты кітабында тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуына терең де қызғылықты талдау жасалған. Автор “Беласуда” Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың мемлекетіміздің сыртқы саясатын қалыптастырудағы теңдессіз еңбегіне оқырман назарын аудара отырып, әлемге әйгілі мемлекет қайраткерлерімен жүргізген келіссөздер барысындағы оқиғалар көрінісін нақты сүреттейді. “Беласу” Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықтан өз орнын иеленудегі алғашқы қадамдарында “тар жол, тайғақ кешуден” өткен тарихымыздың күрделі де алмағайып кезеңдеріндегі бетбұрыстарды көрсетуімен құнды. Қазақстан тәуелсіздігі жолында әлемге әйгілі саясаткерлер: Г. Киссинджер, К. Аннан, К. Райс, Цзян Цзэминь, Б. Ельцин тағы басқалардың бүкпесіз айтқан көзқарастары мен әділ пікірлері енгізіліп отыр. Сонымен қатар мемлекет қайраткерлерінің саясаттан тыс уақыттағы қарапайым да парасатты мінез ерекшеліктерінің айқын келбеті қызықты көрініс тапқан. Елімізде алғаш жарық көріп отырған тың жанрдың оқырман қауымға жылы жол табарына сенім білдіре отырып, әлем елдерінің достатығы мен ынтымақтастығын нығайту жолындағы мемлекетіміздің сындарлы саясатын қалың жұртшылықтың назарына ұсынамыз.