Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ТУАЖАТ : РОМАН ЖӘНЕ ХИКАЯТ

Библиографиялық сипаттама

Туажат : Роман және хикаят / Алтай, Асқар. – Алматы : Арда, 2018. – ISBN 978-601-7355-56-2.

Автор
Алтай, Асқар
Баспа
Арда
Шыққан жылы
2018
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Жазушының соңғы жылдары жазылған “Туажат” романы мен “Жолаушы” повесінде бүгінгі қазақтың қиян-қилы кешкен тағдырлары суреттеледі. Өз елінде өгей күн көріп, қоғамда туажат күй кешкен Байбура арқылы романда қазіргі қазақ рухының жалаңаш қалған кейіп-кеспірін қаламгер қапысыз бейнелейді... Бүгінде жастар арасында туған жер мен елден жатсыну процессінің жаңаша “туажаттық” философия тудырып отырғанына суреткер ой салады. Сондай-ақ, хикаяттағы Бүкір суретші арқылы да қазақ арасындағы сатқындық, маргиналдық, қорқаулық сияқты бүкір құбылыстың түп-тамырын тап басып бейнелейді... Кешегі отарлаушы-тоталитарлық кезеңнің суық лебі “Перінің демі” болып үріп, бүгінгі ауыр трагедияларға жол ашып отырғанына оқырман көзін жеткізеді. Кітап қалын оқырманға арналады.