Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

МАЙЛЫҚОЖА : ШЫҒАРМАЛАР

Библиографиялық сипаттама

Майлықожа : Шығармалар. – Алматы, 2005. – ISBN 9965-27-636-6.

Шыққан жылы
2005
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

Дәуір тынысын дөп басып жырлаған қазақтың халық ақындарының келесі бір шоқтығы биік өкілі – Майлықожа Сұл­тан­қожаұлы, 1835 жылы туылып, 1898 жылы дүниеден өткен. Ол өзінен бұрын өмір сүрген қазақ ақындарының дәстүрін берік ұстаған жыр зергері. Ақын шығармаларында Қоқан хандығына қарсы күрескен ерлердің ерлігі, халық қамын ойлаған қайраткерлердің игі істері, аштық, зорлық-зомбылық жылдардағы қазақ қоғамының ауыр күйзелісі, жергілікті би-болыстардың жемқорлығы, махаббат бостандығы, жалпы адами ізгілікті қасиеттер мадақталып, адамдар бойындағы жат мінез, оғаш қылықтарды түзету, елге деген сүйіспеншілік сезім, ұлтқа қызмет ету, адал еңбек, егіншілік кәсіп көрініс тапқан. Онда терең философиялық ой, өткір сыншылдық пікір-көзқарас айқын суреттеліп отырады. Майлы ақын шығармашылығындағы ең елеулі есім – біз сөз етіп отырған ХІХ ғасырдың көрнекті өкілі, ел қамқоры болған күрескер тұлға, даңқты датқа Молда Қошық. Оның өнегелі өмірі, өз халқына, бүкіл түркі жұртына сіңірген ересен еңбегі айрықша жырланады.