Президент орталығы
Қазақстан Республикасы
Мазмұнға өту
KK
Жеке кабинет

ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ - 10 ЖЫЛ

Библиографиялық сипаттама

Теңізшевройл - 10 жыл. – Atyrau, 2003. – ISBN 0-9542205-1-Х.

Шыққан жылы
2003
Сыныптау индексі (ӘОЖ)
—
Тіл
Қазақ тілі
Басылым түрі
Кітап
Басылым елі
—
Қолжетімділік
Барлығына қолжетімді

Сипаттама

• Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды. • «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды. • ТШО-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко Б.К. » – 5%. Өнім өндіру/Қорлар: • Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд. баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд. баррель) шамасында мұнай бар деп есептеледі. • Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 - 10,9 миллиард баррель) құрайды. • Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль). • ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал, табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті. • 2019 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндіру көлемі 7,6 миллион тоннаны (60,7 миллион баррель) құрады.